Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Туған өлке тарихы білгірлерінің «Туған жер»аудандық интеллектуалдық конкурсы
20
қазан
2017

Туған өлке тарихы білгірлерінің «Туған жер»аудандық интеллектуалдық конкурсы

        20 қазан күні №40 жалпы білім беретін мектепте аудандық Туған өлке тарихы білгірлерінің «Туған жер» атты 9-11 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық байқауы өтті.  Бұл аудандық байқауға 20 мектеп қатысты. 

Конкурстың негізгі мақсаты - Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында жастарды «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жүктеген міндеттерді,  Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын орындауға көмектесетін шығармашылық жұмысқа тарту.

Бұл байқаудың міндеттері: ізгі, адамгершілік құндылықтарға бағдар алған тұлғаны қалыптастыру, туған елінің тарихын, мәдениетін зерттеуге қызығушылықты дамыту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.

         «КВН» интеллектуалдық ойын түрі төмендегідей 5 сайыстан өтті:

1 сайыс – Команданың «Визиттік карточкасы» (2-3 мин). Әр мектептің командасы сәлемдесуді орындап, конкурс тақырыбына сәйкес келетін атауын, ұраны мен эмблемасын таныстырды.

2 сайыс – «Халықтар, ұрпақтар сабақтастығы»: Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері (сұрақ-жауап).

3 сайыс – «Мәңгілік Ел» бейнероликтер байқауы; 

4 сайыс – «Ел рәміздері»: ҚР-ның мемлекеттік рәміздері;

5 сайыс – «Мемлекеттің негізгі заңы»

Әр команда конкурс тақырыбына сәйкес ойластырылған шығармашылық нөмір (би немесе ән) көрсетті. Оған қойылған баға команданың жалпы ұпай санына қосылды.

Байқау нәтижесі бойынша: 

І орынды №146 мектеп-лицейдің оқушыларының командасы иеленді;

ІI орынды: №51 мектеп-гимназия оқушыларының командасы, №68 мектеп-гимназия оқушыларының командасы, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушыларының командасы жеңіп алды;

ІII орынды: №40 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының командасы,  №60 гимназияның 2-ші командасы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің командасы жеңіп алды.

Осы аудандық байқаудың қорытындысы бойынша белсене қатысқан, №23 мектеп-гимназияның командасына, №60 гимназияның (1тобына), № 63 жалпы білім беретін мектептің командасына, №65 жалпы білім беретін мектептің командасына, №81 мектеп-гимназияның командасына, №94 мектеп-гимназияның командасына, О.Жандосов атындағы №105 гимназияның командасына, № 125 жалпы білім беретін мектептің командасына, №145 жалпы білім беретін мектептің командасына, №165 мамандандырылған лицейдің командасы, №189 жалпы білім беретін мектептің командасына Бостандық аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен грамоталары табыс етілді.



Орын. Ербошаев Е.Б.