РУБИК ТЕКШЕСІН 14,09 СЕКУНДТА ЖИНАҒАН ЖАНТУАР » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РУБИК ТЕКШЕСІН 14,09 СЕКУНДТА ЖИНАҒАН ЖАНТУАР
26
апрель
2019

РУБИК ТЕКШЕСІН 14,09 СЕКУНДТА ЖИНАҒАН ЖАНТУАР

Рубик текшесін әлем жұртшылығы 1980 жылдан бастап қазірге дейін логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланады. Бұл басқатырғыш текшені венгр сәулетшісі Ерно Рубик 1974 жылы ойлап тапқан екен. Бірақ әлем халқы бұл ойынды тек 1980 жылдан бастап біле бастаған. 

Сол кезден бастап әлге дейін Рубик текшесі ойыншыларға қызығушылығын тоқтатар емес. Себебі, әлем халқының бұл Кубик Рубик ойынына қызыққаны сонша, Рубик текшесін құрастыру бойынша әлем чемпионаттары ұйымдастырыла бастаған. Ойынның алғашқы сайысы 1982 жылы Венгрияда өткен екен. Мысалы тарихы 39 жыл бұрын басталғанымен 2018 жылы болған әлем чемпионатында бұл логикалық спорт ойын түрінен аустралиялық Феликс Земдегс 4,95 секунд жылдамдықта Рубик текшесін жинап рекорд жасаған. Айта кету керек, бүгінгі таңда мектеп қабырғасында басқатырғыш ойын түріне көптеген оқушылар қызығушылық танытып жүргені байқалады. Себебі үлкені кішісіне қарамай Рубик ойыншығын қолдарынан тастамайтын оқушылар көп кездеседі. 

Осы орайда, Феликс секілді дарынды оқушыларды неге анықтамасқа деген оймен және жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, логикалық қабілеттерін дамыту, ой мен қолдың шапшандығын арттыру, осы ойын түрі бойынша мүдделес жастардың бастарын біріктіру мақсатында 26 сәуір күні мектептің қабырғасында Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен, №40 ЖББ мектеп пен Тафиса Қазақстан «Спорт Бәріне» ұранымен бағытталған Халықаралық спорт ұйымымен екі жақты біріккен «Кубик Рубик» зияткерлік спорттық ойын түрінен аудандық оқушылар арасындағы №40 ЖББ мектептің дәстүрлі зияткерлік сайысын өткіздік. 

Бұл ауқымды зияткерлік сайысқа Бостандық ауданы мектептерінің (№23МГ, №40ЖББМ, №45ЖББМ, №51МГ, №60Г, №63ЖББМ, №65ЖББМ, №70ЖББМ, №88ЖББМ, №105МГ, №125ЖББМ, №140МГ, №146МЛ, №165АЛ, №189ЖББМ, №190ЖББМ, №191ЖББМ) жалпы 50-ге жуық дарынды оқушылары қатысты. Сайыс тәртібі үш кезеңнен өтті. Әр кезеңде қатысушылар бес реттен уақытқа сәйкес талпыныс жасап көрді. Рубик текшесін құрастыру уақыты максималды 3 минут болатын. Бірақ қатысушылар максималды уақытқа жеткізбей Рубик текшесін жинап үлгіріп отырды. 

Сайысқа 9-16 жас аралықтағы аудан мектептерінің ұл-қыздары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша барлық сайыскерлердің ішінен өзінің жылдамдығымен, шапшандығымен, жоғары көрсеткіш көрсетіп, үш кезеңнің қорытындысы бойынша 3x3 кубикті 14,9 секундта жинаған М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Жолдасов Жантуар ерекше қабілетімен қатысушыларды таңғалдырып, қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені жеңіп алды. №60 гимназияның дарынды оқушысы Гребень Никита кубикті 18,66 секундта жинап 1 орынға ие болды. Екінші орынды 18,80 секундта жинаған №165 мамандандырылған лицейдің оқушысы Мусагалиев Алдияр еншілесе, үшінші орынға №51 мектеп-гимназияның оқушысы 22,33 секундпен Мурзабеков Алихан қол жеткізді. 

Шара соңында орын алған оқушылар Бостандық аудандық білім бөлімінің, Тафиса Қазақстан спорт ұйымының мадақтамаларымен марапатталды. 

Ерекше сайыстың өтуіне, ұйымдастырылуына, ат салысқан Тафиса Қазақстан Халықаралық спорт федерация ұжымына және сайыстың жүзеге асырылуына басшылық еткен өзі жас болса да ұйымдастырушылық қабілетімен көріне білген, Қазақстан Speedcubing федерациясының Алматы қаласындағы мүшесі, Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназияның дарынды 9 сынып оқушысы Агабеков Асет Даниярұлына аудандық білім бөлімі атынан, 40 ЖББ мектеп атынан мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы үлкен алғыс білдіріп арнайы алғыс хаттар табыс етілді.


№40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ербошаев Ермек Бақытбекұлы