106 бетті жырды жатқа айтып 1-орынды иеленген Гүлдана » Школа №40
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 106 бетті жырды жатқа айтып 1-орынды иеленген Гүлдана
13
сентябрь
2018

106 бетті жырды жатқа айтып 1-орынды иеленген Гүлдана

13 қыркүйек күні Алматы қаласы Бостандық ауданы Мүсілім Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназияда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби танымдық аудан көлеміндегі ұлттық байқауы өтті.

Осы аудандық оқушылар арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша 106 беттен тұратын «Алпамыс батыр» жыр кітабын жатқа айтып, байқауға қатысқан 80-ге жуық сайыскерлердің   ішінен мектебіміздің дарынды, білімді оқушысы Елубай Гүлдана үздік атанып 1-орынды иеленді. 

Байқау қорытындысы бойынша оқушымыз Елубай Гүлдана қыркүйек айының 28-і күні Алматы қаласы әкімінің қатысуымен өтетін «Тұлпар мініп, ту алған!» атты қала көлеміндегі ұлттық жыр байқауына жолдама алды.