Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АЛМАТЫДА ҮШІНШІ АРЕНА АШЫЛДЫ!!!
30
қараша
2018

АЛМАТЫДА ҮШІНШІ АРЕНА АШЫЛДЫ!!!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. 

Осы орайда 30 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте Тұңғыш Президент күніне байланысты оқушыларымыздың көптен күткен «Жарыс Арена» атты екі үлкен футбол спорт кешендері салтанатты түрде ашылды. 

Спорттық нысанның ашылуына арнайы Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Бұл спорттық кешен жабық екі үлкен ангар іспеттес футбол алаңымен, баскетбол және волейбол ойнайтын алаңдарымен, айналмалы жүгіру жолымен, арнайы шешінетін және жуынатын бөлек нысандарымен ерекшеленіп салынған.


Орын. Ербошаев Е.Б.