Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тұма жырдың тұнбасы»
22
сәуір
2017

«Тұма жырдың тұнбасы»

        Ұлыларды ұлықтау ұрпақ мойынына жүктелген парыз – десек, артық айтқанымыз емес. Сол мақсатта бүгін Алматы қаалсы, Бостандық ауданы, № 40 – мектепте, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевке арналған «Тұма жырдың тұнбасы» тақырыбында жыр мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйра екі бағыт бойынша жүргізілді. «Жүрегімнің сөзі» деп аталатын бөлімде оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту бойынша сайысқа түссе, «Тұма жырдың тұнбасы Тұманбай-ды» бөлімінде жас ақындар өз өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды.Мүшәйраға Қазақ әдебиеті, БАҚ кз, Қамшы кз, Ана тілі, «Жас өркен» сынды газет-журналдар тілшілері көрермен болса, «Мөлдір бұлақ» журналы, бас редакторының орынбасары Саят Қамшыгер, «Мектеп мерейі» журналының құрылтайшы директоры Айнұр Әмірқызы, және ақынның жары Күлтай апай қазылық жасап, хас тұлпарды анықтауға атсалысты. Сонымен қатар ақынның қызы Жазира Тұманбайқызы мен ұлы Дәурен Тұманбайұлы додалы жыр кешінің құрметті қонағы болды. Сайысқа Қазақстан Халық банкі қолдау білдіріп, 11 мектептен қатысқан 25 баланы ынталандыру сыйлығымен қамтамасыз етіп, қатысушы мектептер кітапханасына 24 томнан тұратын ақынның жыр жинақтарын сыйға ұсынды. Сайыс барысында әділқазылар шешім шығарғанша, қатысушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқап, кеш көркін қыздыра түсті. Сыйыс соңында ақынның аяулы жары балаларға ақ батасын беріп, кешті ұйымдастырған 40 – мектеп әкімшілігі мен ұжымына алғыс айтты.