«Мен мектепке барамын!»
Наурыздың 10 күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі №81, №85, №89, №113 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, Балалар оқу орталығы «Мамин Клуб», Қазақстандағы Ментальді арифметика ЮСИMAS Оқу орталығы ұйымдарымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің дайындық топ балаларына арналған «Мен мектепке барамын!» атты олимпиадасының I-ші кезеңін ұйымдастырды.
Осы олимпиаданың I-ші кезеңіне №81, №85, №89, №113 әр мектепке дейінгі білім беру мекемесінің мектепке дейінгі естияр жас – 6 (7) жасқа дейін тобынан бес тәрбиеленушілері қатысты. Барлығы 20 бала. Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты:
Балалардың өткен оқу іс-әрекеті бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі тапсырмалар бере отырып зерттеу. Өз-өзіне деген сенімдікті, шапшаңдықты дамыту. Ой-пікірлерін ортаға салып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ата-аналарға осы Олимпиада қорытындысы негізінде 1 қыркүйекке дейін, балаларының мектепке дайындықтары бойынша кеңес беру.
Мектеппен балабақша арасындағы бала тәрбиесі бойынша тығыз байланыс жұмыстарын жүргізу.
Шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсетіп, ат салысқан «Мамин клуб» Оқу орталығының директоры, педагог-психолог – Умурзакова Алия, Қазақстандағы Ментальді арифметика ЮСИMAS Оқу орталығы, Alem company «Электроника Үйі» дүкенінің басшысы – Жұмабаев Санат Дәуренұлы, «YES TALENT» Қазақстандағы талантты жастар орталығы. Олимпияданың негізгі барысын, жүргізу тәртібін №40 жалпы білім беретін мектебіміздің жоғары біліктілік деңгейдегі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, 2015, 2016, 2017 жылдары қалалық, аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған құрметті ұстаз - Бекшоинова Райгул Солтанбековна жүргізді. Олимпиаданың жеңімпаздарымен таныс болайық:
I – орынды жеңіп алған №113 балабақшаның «Айголек» тобының тәрбиеленушісі, олимпидананың Үздігі - Земель Андрей;
II – орынды иеленген №89 балабақшаның «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушісі - Бейсекеева Мерей;
III - орынды №85 балабақшаның «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі - Нургали Қамбар жеңіп алды. БАҚ өкілдерінен Алматы телеканалы болды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ербошаев Ермек Бақытбекұлы