Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқорлық ақциясы

Автор: admin от 23-01-2017, 20:37, посмотрело: 872

16

Алматы қаласы, Бостандықауданы №40 ЖББ мектепте 3 балаға «Қамқорлық» акциясының аясында көмек көрсетілді

 

«Қамқорлық» акциясы аясында жағдайы төмен отбасындағы балаларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды №40 ЖББ мектептің әкімшілігі.

2017 жылы 27 қаңтар күні №40 жалпы білім беретін мектепте Алматы қаласы Маслихатының депутаты Тосекбаев Қанат Дуйсенбаевичтің бастамасымен жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетілді. Балаларға қыстық жылы сырт киімдер мен аяқ киімдер сыйланды.

Еске сала кетейік, «Қамқорлық» акциясы жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізіледі. Аталмыш шара 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Мұндай іс-шаралардың жүргізілуі қоғамның назарын толық емес отбасылар мәселесіне аударып, мектепке бармай жүрген балаларды анықтап, тұрмысы төмен отбасындағы балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін тиісті шара қолдануға көмектеседі.

 Қамқорлық  ақциясы

Қамқорлық  ақциясы
Қамқорлық  ақциясы

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 
 
 

Отбасы мерекесіне орай

Автор: admin от 11-10-2016, 18:54, посмотрело: 259

3

Отбасы мерекесіне орай

 

Отбасы мерекесіне орай

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 

Қарттар айлығы

Автор: admin от 19-09-2016, 17:29, посмотрело: 192

3

Қарттар  айлығы

 

Қарттар  айлығы

 

Қарттар  айлығы

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 

Мағжан оқулары

Автор: admin от 27-04-2017, 00:53, посмотрело: 250

1 АУДАНДЫҚ «МАҒЖАН КӨКТЕМІ» БАЙҚАУЫ

2017 жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Бостандық аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мағжан көктемі» атты аудандық оқуларының байқауы өтті.
Жыр додасына ауданымыздың барлық білім мекемелерінен үмiткерлер жиылды.
«Мағжан оқулары» үш бағыт бойынша өткізілді:
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы, «Толқынмен толқын сырласып...» - зерттеушілік жұмыстардың байқауы, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар байқауы. Қазылар алқасы бірінші номинацияда сайыскерлердің дауыс ырғағына, жатқа оқу мәнеріне, сахна мәдениетін игеруіне, есте сақтау қабілетіне, тіл мәдениетіне, актерлік шеберлігіне ден қойса, екінші номинацияда зерттеушінің тақырыптың өзектілігін аша алуына, оны бүгінгі күннің проблемасымен үндестіре білуіне, теориялық біліміне аса мән берді, ал үшінші номинацияда оқушы өлеңінің ой тереңдігіне, негізгі идеясына, тілінің көркемдігіне, сөздік қорына, өлеңнің құрылысына, берілген тақырыпты игеруіне зер салды.
САЙЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ ҮШ БАҒЫТТА МАРАПАТТАЛДЫ:
Бас жүлделі орындар бойынша.
1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауының номинациясы бойынша Бас жүлдесін Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Елубай Гүлдана женіп алды.

2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар байқау номинациясы бойынша Бас жүлдесін Алматы қаласы, Бостандық ауданы №63 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Әбдіқадырқызы Ақерке жеңіп алды.
3. «Толқынмен толқын сырласып...» - зерттеушілік жұмыстардың байқауы номинациясы бойынша Бас жүлдесін Алматы қаласы, Бостандық ауданы №140 гимназияның оқушысы Керимбаев Ерболат жеңіп алды.
I орындар бойынша.
4. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша I орынды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №140 гимназияның оқушысы Ұзақбай Жалғас женіп алды.
5. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша I орынды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №183 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Сериков Қуаныш иеленді.
6. «Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша I орынды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназияның оқушысы Абетай Айжүрек иеленді.
II орындар бойынша.
7. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша II орынды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Дәулеткерім Назерке женіп алды.
8. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша II орындарды Алматы қаласы, Бостандық ауданы ауданы №40 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Күзембай Қадырхан және №146 мектеп-лицейдің оқушысы Сұлтанбек Айгерім иеленді.
9. «Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша II орындарды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №138 мектеп-гимназияның оқушылары Жүнісбай Нұрәділ және Касимова Гулнура иеленді.
III орындар бойынша.
10. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - номинациясы бойынша III орынды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №92 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің оқушысы Мұхаметқали Мұхтар, №23 мектеп-гимназияның оқушысы Лобас Даяна, №45 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Маратқызы Диана женіп алды.
11. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - номинациясы бойынша III орындарды Алматы қаласы, Бостандық ауданы ауданы №145 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ильясова Айым және №94 мектеп-гимназияның оқушысы Укебаева Дильназ иеленді.
12. «Толқынмен толқын сырласып...» - номинациясы бойынша III орындарды Алматы қаласы, Бостандық ауданы №183 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Дариджан Мадина, 145 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Кенжебай Гауһар, №146 мектеп-лицейдің оқушысы Ғалымбекова Еркежан иеленді.
Конкурс қорытындысы соңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға сый-сияпатын беріп шығарып салды.
Мағжан  оқулары
Мағжан  оқулары
Мағжан  оқулары


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Тұманбай Молдағалиевқа арналған мүшәйра

Автор: admin от 22-04-2017, 01:40, посмотрело: 315

2
Тұманбай  Молдағалиевқа арналған мүшәйра
Тұманбай  Молдағалиевқа арналған мүшәйра
Тұманбай  Молдағалиевқа арналған мүшәйра

Ұлыларды ұлықтау ұрпақ мойынына жүктелген парыз – десек, артық айтқанымыз емес. Сол мақсатта бүгін Алматы қаалсы, Бостандық ауданы, № 40 – мектепте, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевке арналған «Тұма жырдың тұнбасы» тақырыбында жыр мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйра екі бағыт бойынша жүргізілді. «Жүрегімнің сөзі» деп аталатын бөлімде оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту бойынша сайысқа түссе, «Тұма жырдың тұнбасы Тұманбай-ды» бөлімінде жас ақындар өз өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды.
Мүшәйраға Қазақ әдебиеті, БАҚ кз, Қамшы кз, Ана тілі, «Жас өркен» сынды газет-журналдар тілшілері көрермен болса, «Мөлдір бұлақ» журналы, бас редакторының орынбасары Саят Қамшыгер, «Мектеп мерейі» журналының құрылтайшы директоры Айнұр Әмірқызы, және ақынның жары Күлтай апай қазылық жасап, хас тұлпарды анықтауға атсалысты. Сонымен қатар ақынның қызы Жазира Тұманбайқызы мен ұлы Дәурен Тұманбайұлы додалы жыр кешінің құрметті қонағы болды. Сайысқа Қазақстан Халық банкі қолдау білдіріп, 11 мектептен қатысқан 25 баланы ынталандыру сыйлығымен қамтамасыз етіп, қатысушы мектептер кітапханасына 24 томнан тұратын ақынның жыр жинақтарын сыйға ұсынды. Сайыс барысында әділқазылар шешім шығарғанша, қатысушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқап, кеш көркін қыздыра түсті. Сыйыс соңында ақынның аяулы жары балаларға ақ батасын беріп, кешті ұйымдастырған 40 – мектеп әкімшілігі мен ұжымына алғыс айтты.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
Назад Вперед