» » Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

 
 
 

Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

Автор: admin от 11-05-2015, 21:29, посмотрело: 759

18 Қазақ тілі мен әдебиет  бірлестігі

Базаралиева Света Мергалиқызы



Базарлиева Света Мергалиқызы 2005 жылдан бері № 40 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сапалы әрі тиянақты білім беріп келеді. Ол өз сабақтарында оқытуды жеке тұлғаға бағыттауды жүзеге асырып, әрбір оқушының ойлау, сөйлеу, тілдесу қабілеттерін дамытумен бірге, шығармашылыққа үйретеді. Осыған орай интербелсенді оқыту технологиясын қолданып, топтық, жұптық, жекелей жұмыс түрлерін үйлестіре ұйымдастырады. Мұнда диалог, сұқбат, дебат, пікірталас сияқты белсенді әдістер кең орын алады. Мұғалім этнопедагогика әрбір сабақтың жаны болуға тиіс деп есептейді. Көркем әдебиет шығармаларын оқуда өзінің бұл қағидасына әрқашан адалдық танытып, олардың ұлттық нәр-қуатын балаларға дарытуға тырысады. Оқушылар аудандық пән олимпиадаларында І, ІІІ орындарға ие болған. Оқушыларын өз елінің ұлтжанды азаматын тәрбиелеуге, Қазақстанның болашақ азаматтарының бойындағы рухани-адамгершілік қасиетін дамытуға баса назар аударады.

Категория: Мектеп ұжымы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.