Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану пәндер бірлестігі
11
мамыр
2015

Жаратылыстану пәндер бірлестігі

Жаратылыстану  пәндер бірлестігі

Толганбаева Бахыт Қасымжанқызы
2005 жылдан бастап № 40 жалпы білім беретін мектепте математика мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалдық құралдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Ол – мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады. Оның оқушыларының білім сапасы - жоғары. Ұстаз шәкірттері «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында, түрлі жүлделі орындарды иеленді. 2012 - 2013 оқу жылдарында оқушысы Есен Мақпал Швецияда өткен Халықаралық ғылыми жоба байқауына қатысып, 2012 -2013 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Убайдуллаева Саулет ҚазБСҚА - математика олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі грамоталармен марапатталды.