Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

Автор: admin от 11-05-2015, 21:29, посмотрело: 759

18 Қазақ тілі мен әдебиет  бірлестігі

Базаралиева Света Мергалиқызы



Базарлиева Света Мергалиқызы 2005 жылдан бері № 40 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сапалы әрі тиянақты білім беріп келеді. Ол өз сабақтарында оқытуды жеке тұлғаға бағыттауды жүзеге асырып, әрбір оқушының ойлау, сөйлеу, тілдесу қабілеттерін дамытумен бірге, шығармашылыққа үйретеді. Осыған орай интербелсенді оқыту технологиясын қолданып, топтық, жұптық, жекелей жұмыс түрлерін үйлестіре ұйымдастырады. Мұнда диалог, сұқбат, дебат, пікірталас сияқты белсенді әдістер кең орын алады. Мұғалім этнопедагогика әрбір сабақтың жаны болуға тиіс деп есептейді. Көркем әдебиет шығармаларын оқуда өзінің бұл қағидасына әрқашан адалдық танытып, олардың ұлттық нәр-қуатын балаларға дарытуға тырысады. Оқушылар аудандық пән олимпиадаларында І, ІІІ орындарға ие болған. Оқушыларын өз елінің ұлтжанды азаматын тәрбиелеуге, Қазақстанның болашақ азаматтарының бойындағы рухани-адамгершілік қасиетін дамытуға баса назар аударады.

Категория: Мектеп ұжымы

 

Жаратылыстану пәндер бірлестігі

Автор: admin от 11-05-2015, 21:16, посмотрело: 1869

18 Жаратылыстану  пәндер бірлестігі

Қасымова Фариза Сапарханқызы

Қасымова Фариза Сапарханқызы ұзақ жылдар бойы үздіксіз химия және биология пәндерііне сабақ беріп келе жатқан, тәжірибелі ұстаз, соның ішінде осы мектепте 7 жыл еңбек етеді.
Фариза Сапарханқызының кәсіби біліктілік деңгейі жоғары, жан дүниесі терең, адамгершілігі мол. Ол өзінің ұстаздық шеберлігін заман талабына сай және шәкірттерінің жеке басының ерекшеліктеріне қарай жетілдіріп, үнемі шыңдау үстінде.
Фариза Сапарханқызы 5 жыл қатарынан «Жаратылыстану » пәндерінің кафедрасына жетекшілік етіп келеді. Кафедра мұғалімдерінің оқу үрдісіндегі дәстұрлі әдістер мен жаңа технологияларды жете меңгеруіне де көп ықпал жасайды. «Оқушылардың оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс істеуін деңгейлік тапсырмалар арқылы ұйымдастыру» деген тақырыпта әдістемелік ізденіс жасайды. Оқушылар аудандық пән олимпиадаларына ІІ, ІІІ дәрежелі орындарға ие болған. Интелектуалды олимпидаларда І, ІІІ орынға ие болған оқушылары грамотамен мараптталған.

Категория: Мектеп ұжымы

 

Жаратылыстану пәндер бірлестігі

Автор: admin от 11-05-2015, 20:38, посмотрело: 618

9 Жаратылыстану  пәндер бірлестігі

Толганбаева Бахыт Қасымжанқызы
2005 жылдан бастап № 40 жалпы білім беретін мектепте математика мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалдық құралдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Ол – мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады. Оның оқушыларының білім сапасы - жоғары. Ұстаз шәкірттері «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында, түрлі жүлделі орындарды иеленді. 2012 - 2013 оқу жылдарында оқушысы Есен Мақпал Швецияда өткен Халықаралық ғылыми жоба байқауына қатысып, 2012 -2013 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Убайдуллаева Саулет ҚазБСҚА - математика олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі грамоталармен марапатталды.

Категория: Мектеп ұжымы