Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сыныптар бірлестігі
11
мамыр
2015

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Бастауыш сыныптар  бірлестігі

Сыдықова Сандуғаш Мүпталқызы


Сыдықова Сандуғаш Мүпталқызы - 2005 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Оқытудың интербелсенді жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады. Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық, деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды орындатуды дағдыға айналдырған. Сабағында әр баланың жеке мүмкіндігін аша отырып, әрқайсысын шығармашыл тұлға етіп қалыптастыруда топтық және жұптық жұмыс түрлеріне ерекше мән береді, сөйтіп белгілі бір ортада оқушыны өз пікірін қорғай білудің бастапқы дағдыларына үйретеді. Оқу бағдармалары негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар жасауды жоғары бағалайды. Онда модуль ішіндегі мақсат-міндеттерді айқындау, олардың күтілетін нәтижелермен біртұтас сәйкестігін белгілеу, оқыту әдістерін, сабақ пен оқушы жұмысының түрлерін, құрал-жабдықтарды көрсету жүзеге асырылып отырады. Оқушылары оқу, жазу, есептеу, дүниетану, эстетикалық талғам, өзі күту негіздерін қазіргі білім стандартында берілген талаптар деңгейінде тыңғылықты меңгереді.
Сандуғаш Мүпталқызы өзінің білімділігімен, шығармашылық ізденгіштігімен ерекшеленеді. Бастауыш бірлестігінде жас ұстаздарға үлгілі ашық сабақтарын көрсетіп жүр. Осы ашық сабақтарының үлгі жоспарлары «Бастауыш мектеп» журналында жарияланды.