» » Бастауыш сыныптар бірлестігі

 
 
 

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Автор: admin от 11-05-2015, 22:16, посмотрело: 857

20 Бастауыш сыныптар  бірлестігі

Бекшоинова Райгүл Солтанбекқызы


Райгүл Солтанбекқызы - 2002 жылдан бастап № 40 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Қазіргі күнде №40 жалпы білім беретін мектепте 4 дүркін бастауыш сынып түлектерін ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалдық құралдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Ол – мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады. Оның оқушыларының білім сапасы - жоғары.
Ұстаз шәкірттері «Кенгуру» атты халықаралық математикалық ойын – сайысында, «Алматы-әсем қала» тақырыбына шығарма жазу байқауында, байқауында түрлі жүлделі орындарды иеленді. Бірлестік онкүндіктерінде шеберлік сабақтарын көрсетіп, материалдары баспа бетіне жарық көрген. Қалалық, аудандық алғыс хаттармен марапатталған. Дамыта оқыту технологиясы мен әдістерін сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты проблемамен жұмыс жасап, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында еңбек етіп келеді. Бастауыш сынып пән бірлестігі жанынан құрылған шығармашылықпен жұмыс жүргізетін топтың мүшесі, жас мұғалімдерге дамыта оқытудың әдіс, тәсілдерін үйрете отырып, бірнеше дүркін ашық сабақтар өткізді. Бұл сабақтары рухани адамгершілік мәнділігімен, шығармашылық ізденімпаздығымен, техникалық құралдарды, интерактивтік тақтаны тиімді пайдалана білуімен ерекшеленді, жоғары бағаланып отырды. Ұстаздың оқу кабинеті қазіргі талапқа сай жабдықталған.

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
best uk casinos online mature dating sites reviews секс чат пары sex dating site review free dating sexchat rooms