Алматы қаласы Білім басқармасының
«№40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры:
+7(747) 624-17-35
Мектеп директорының орынбасарының ұ.т:
+7(707) 1671124
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сыныптар бірлестігі
11
мамыр
2015

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Бастауыш сыныптар  бірлестігі

Құлтай Ғалымкүл Диханбайқызы


Ғалымгүл Диханбайқызы - 2006 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Үшінші деңгейлі курсын аяқтаған. Оқытудың интербелсенді жаңа әдіс-тәсілдерін қолданады. Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық, деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды орындатуды дағдыға айналдырған. Сабағында әр баланың жеке мүмкіндігін аша отырып, әрқайсысын шығармашыл тұлға етіп қалыптастыруда топтық және жұптық жұмыс түрлеріне ерекше мән береді, сөйтіп белгілі бір ортада оқушыны өз пікірін қорғай білудің бастапқы дағдыларына үйретеді. Орта мерзімді жоспарларын өте жоғары дәрежеде жасайды. Онда модуль ішіндегі мақсат-міндеттерді айқындау, олардың күтілетін нәтижелермен біртұтас сәйкестігін белгілеу, оқыту әдістерін, сабақ пен оқушы жұмысының түрлерін, құрал-жабдықтарды көрсету жүзеге асырылып отырады. Оқушылары оқу, жазу, есептеу, дүниетану, эстетикалық талғам, өзі күту негіздерін қазіргі білім стандартында берілген талаптар деңгейінде тыңғылықты меңгереді.
Республикалық деңгейде шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады. Бірнеше дүркін түлектер шығарған. Оқушылары "Ақбота" интелектуалды марафонның жүлдегерлері, түрлі ән байқауларға қатысып орындарға ие болған.